Рамон Аресес қорында Қазақстандағы саяси реформалар талқыланды

Рамон Аресес қорында Қазақстандағы саяси реформалар талқыланды

Мадрид, 2024 ж. 7 наурыз – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Рамон Аресес қорының директоры Раймундомен Перес-Эрнандеспен кездесті.

Әңгімелесу барысында Елші Қор ұйымдастырған Орталық Азияға арналған конференцияда сөз сөйлеу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.
Іс-шара 2023 жылдың қыркүйегінде өтті және Қазақстан аймақтан шақырылған жалғыз ел болды.

Д.Мұсаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Р.Перес-Эрнандестің назары мемлекетіміздің дамуының саяси және әлеуметтік-экономикалық моделін кезең-кезеңімен қайта бастауға мүмкіндік берген реформаларға аударылды.

Қордың қызметі туралы айта келе, директор мекеменің жұмысы Испанияның әртүрлі салалардағы ғылыми қауымдастығын қолдауға бағытталғанын атап өтті. Атап айтқанда, қор испан ғалымдарына зерттеулері мен біліктілікті арттыру үшін гранттар береді.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға келісті.

Анықтама: Рамон Аресес атындағы қор 1976 ж. Испанияның ірі сауда үйлері желісінің негізін қалаушы «El Corte Inglés» Рамон Аресес құрған жеке қор. Бүгінде қор басқа институттармен бірлесіп, білім, мәдениет және ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге бағытталған түрлі іс-шараларды өткізуде.