Азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары Мадридте талқыланды

Азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары Мадридте талқыланды

Мадрид қ., 2024 ж. 6 наурыз – Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев Испандық әуежайларын басқару және әуе навигациясы агенттігінің (AENA) атқарушы вице-президенті Хавьер Маринмен келіссөздер жүргізді.

Кездесуде тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Тәжірибе алмасудың және испандық компанияның технологияларын Қазақстанға тартудың маңыздылығы атап өтілді.

Елші еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму, іскерлік ахуал және шетелдік инвесторлар үшін преференциялар, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы транзиттік әлеуеті мен рөлі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Х. Маркин Қазақстан нарығын зерделеуге дайын екенін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Испания арасындағы экономикалық байланыстарды ілгерілету бойынша бірлескен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.