
Мадрид қ., 2024 ж. 26 ақпан - Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев Испанияның дамуды қаржыландыру компаниясының (COFIDES) президенті Хосе Луис Курбело және Испанияның экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік компаниясының (CESCE) президенті
Фернандо Салазармен келіссөздер жүргізді.
Кездесулер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық және өнеркәсіп салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Инвестицияларды ұлғайту және испандық компаниялардың технологияларын Қазақстанға тартудың маңыздылығы атап өтілді.
Елші еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму, іскерлік ахуал және шетелдік инвесторлар үшін преференциялар, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Тараптар Қазақстанда бірлескен жаңа экономикалық жобаларды іске асыруға өзара қызығушылық танытты және бірлескен іс-шараларға қатысу арқылы институционалдық байланыстарды күшейтуге келісті.