Астана халықаралық форумы Испаниядағы сараптамалық орталықтардың назарында

Астана халықаралық форумы Испаниядағы сараптамалық орталықтардың назарында

Мадрид, 2024 жылғы 21 ақпан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Элькано корольдік институтының президенті Хосе Хуан Руиз және ЭКИ-дің директоры Чарльз Пауэллмен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Испания арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды, сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелерді талқылады.

Қазақстан Республикасының ішкі саяси күн тәртібі туралы айта отырып, Елші елде іске асырылып жатқан кең ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға егжей-тегжей тоқталды.

Елші сұхбаттасушыларға Астана халықаралық форумына шақыруды табыс етті. Қазақстандық дипломат АХФ-2023 қорытындысын жеткізіп, биылғы форум жұмысындағы негізгі мәселелерге тоқталды.

Өз кезегінде Испаниядағы жетекші аналитикалық орталықтың басшылығы осындай маңызды шараға қатысуға мүмкіндік алғандары үшін алғыс айтып, қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастық орнату туралы ұсыныс жасады.

Д.Мұсаев маңызды тақырыптар бойынша бірлескен конференция ұйымдастыруға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.