
Мадрид, 2024 ж. 6 ақпан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның бұрынғы Премьер-министрі және «Халықтық партиясының» экс-төрағасы Мариано Рахоймен кездесті.
Оның барысында Елші сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.
Д.Мұсаев мемлекетіміздің дамуының жаңартылған саяси-әлеуметтік моделін кезең-кезеңімен енгізуге мүмкіндік берген ел басшылығы қабылдаған нақты шараларды атап өтті.
Тараптар көпжақты дипломатия құралдары мен диалог жолын жан-жақты қолдау қажеттігін атап өтіп, қазіргі халықаралық үрдістер туралы пікір алмасты.
Осы тұрғыда Елші саясаткерді биыл екінші рет «Адамдардың күш-қуатын арттырып, ұлттарды біріктіреміз: Жақсы әлемді бірге саламыз» тақырыбында өтетін Астана халықаралық форумының жұмысымен таныстырды.
Орайлы сәтті пайдалана отырып, Д.Мұсаев М.Рахойға форумға шақыру хатын табыс етті. Қазақстандық дипломат платформа жұмысына шетелдік үкіметтерден, халықаралық ұйымдардан, ірі компаниялардан, іскерлік және ғылыми қауымдастықтардан жоғары лауазымды делегаттар қатысатынын атап өтті.
Өз кезегінде экс-Премьер-министр 2013 ж. Астанаға жасаған сапарын жылы еске алып, ҚР басшылығының реформаларының дер кезінде іс асырылып жатқанын атап өтті.
Бұл ретте М.Рахой Астана халықаралық форумының жұмысына сәттілік тілеп, оған қатысу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді.