
А.ж. 26 қаңтарда Барселона қ. ҚР консулдығының басшысы Әмір Сұлтанғожиннің Каталония Женералитетінің Сыртқы істер және Еуропалық Одақ кеңесшісі Меритчель Серрет Алеумен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты консулдық мәселелерді, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, және Қазақстанға инвестициялар талқылау болды. Әңгімелесушіге ҚР-да саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда жүргізіліп жатқан реформалар туралы толық ақпарат берілді. Каталония Женералитетінің өкілі Қазақстан облыстарымен өңіраралық ынтымақтастықты жолға қоюға ерекше қызығушылық танытты.
Анықтама: Каталония Женералитетінің Сыртқы істер және Еуропалық Одақ департаменті 2016 жылдың 14 қаңтарда құрылды. Каталония Женералитетінің сыртқы қызметі ЕО мүше мемлекеттерді қоса алғанда, 72 елдің институционалдық қамтылуын қамтамасыз ететін шетелдегі өкілдіктер желісі арқылы жүзеге асырылады.