
2020 жылдың 8 маусымынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы үш әріптен тұратын кодты TSE-ден NQZ-ке ресми түрде өзгертті. Әуе билеттерін брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттер, багаж белгілері, хабарландыру тақталарында NQZ әуежайдың жаңа коды қолданылады.
Елордалық әуежайдың кодын өзгерту туралы келіссөздер 2017 жылдан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне әуежай атауының өзгертілуіне байланысты жүргізіліп келеді.
Халықаралық әуежайдың кодын өзгерту туралы шешім 2019 жылдың 14 қазанында Варшава қаласында IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (штаб-пәтері Мадридте орналасқан) ұйымның барлық мүшелерінің қатысуымен қабылданды.