Испандық сарапшылар Қазақстанды Орталық Азияда жетекші рөлде көруде

Испандық сарапшылар Қазақстанды Орталық Азияда  жетекші рөлде көруде

Мадрид, 2024 ж. 25 қаңтар – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Қауіпсіздік саясаты саласындағы талқылау және талдау институты (IDAPS) ұйымдастырған «Қазақстан: Орталық Азияның алыпы үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты конференцияға қатысты.

Іс-шараға Испания Сыртқы істер, Еуропалық Одақтың және ынтымақтастық министрлігінің өкілдері, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, саясаттану және экономика салаларының сарапшылары, ғылыми орта мен бизнес-сектордың өкілдері және т.б. қатысты.

Д.Мұсаев өз сөзінде Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі жетістіктерін, халықаралық ұйымдар аясындағы еліміздің табысты бастамаларын және мемлекеттің түрлі салалардағы экономикалық әлеуетін атап өтті.

Қазақстандық дипломат Қазақстанның Испаниямен және жалпы Еуропалық Одақпен стратегиялық қарым-қатынасына тоқталып, тараптар арасындағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі байланыстар серпінінің артып келе жатқанын атап өтті. Бұл мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамытуға деген ұмтылысын тікелей көрсетеді.

Д.Мұсаев Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ және ЕАЭО сияқты халықаралық ұйымдардың жұмысындағы белсенді жігерлігі туралы айтып берді. Қазақстанның ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨСШК-ге төрағалық етуіне жеке тоқталды.

Қызу талқылау барысында испан сарапшылары Қазақстанның көпвекторлы саясатын теңдестірілген дипломатияның тиімді үлгісі ретінде атап өтті.

Қатысушылар Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға жаңа серпін беретін қосымша транзиттік бағыттардың дамыуына, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытына ерекше қызығушылық танытты.