Қазақстанның туристік мүмкіндіктері Испанияда таныстырылды

Қазақстанның туристік мүмкіндіктері Испанияда таныстырылды

Мадрид, 2024 жылғы 22 қаңтар – «Peridista Digital» испандық цифрлық басылымының ұйымдастыруымен өткен «Travellers Awards» салтанатында Қазақстанның туристік мүмкіндіктерінің тұсаукесері өтті. Қатысушыларға Қазақстанның табиғи пейзаждары мен көрікті жерлері бейнеленген бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шараға Мадрид мэрі, аймақтық билік пен болу еліндегі дипломатиялық корпустың басшылары, сондай-ақ жергілікті БАҚ пен туризм саласындағы компаниялардың өкілдері қатысты.

Елші Д.Мұсаев өз сөзінде Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық әріптестікті, еліміздің «Ұлы Жібек жолындағы» тарихи рөлін атап өтіп, испандық туристерді Қазақстанға, атап айтқанда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тарту жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды.

Салтанатты рәсім аясында Қазақстан жаңа туристік бағыт ретінде ақпараттық ілгерілету тұрғысынан туризмді дамытуға қосқан «үлкен үлесі» үшін «Travellers Awards» IV басылымының наградасына ие болды.

Анықтама: Travellers – туристік индустрия туралы репортаждарды таратуға маманданған журнал, өзінің редакциялық кеңесінің пікірінше, осы саладағы серпінді элемент болып қала отырып, осы қызметке барынша үлес қосқан компанияларды, адамдарды, елдер мен мекемелерді марапаттайды.