
Мадрид, – Қазақстан Елшісі Д.Мұсаевтың Испанияның Cауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы – Қазақстан-испандық үкіметаралық комиссиясының тең төрайымы Ш.Мендеспен кездесуі өтті.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, цифрландыру, логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірқатар мәселелерді және Испанияға экспортталатын қазақстандық тауарлардың номенклатурасын кеңейту мүмкіндігін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығына орай бизнес-конференциялар ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Іс-шаралар келесі тақырыптарға бағытталатын болады: Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Middle Corredor); тау-кен өндірісі; агро-өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы.