Камило Хосе Села атындағы университетпен бірлескен жобалар талқыланды

Камило Хосе Села атындағы университетпен бірлескен жобалар талқыланды

Мадрид, 2024 ж. 15 қаңтар – ҚР Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаевтың Камило Хосе Села атындағы университеті – «SEK» білім беру мекемесінің президенті Ньевес Сеговия ханыммен кездесуі өтті.

Тараптар білім саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған бірлескен зерттеу жобаларын жүргізуге, қос диплом алуға және т.б. қатысты пікір алмасып, басым мамандықтар бойынша ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық жолдары белгіленді.

Cұхбаттасушы біздің елімізбен ынтымақтастық орнатуға белсенді түрде қызығушылық танытуда. Бұл ретте, Н.Сеговия ханым а.ж. 7-9 сәуірде Қазақстанға жоспарланған испандық жоғары оқу орындары ректорларының сапарына қатысуға ниетін білдірді.  

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жобаларды Қазақстанда іске асыруды қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.