Барселонадағы ҚР консулдығы басшысының Жирона провинциясына сапары

Барселонадағы ҚР консулдығы басшысының Жирона провинциясына сапары

Барселона, 2023 жылғы 11 желтоқсан  - Барселонадағы ҚР консулдығының басшысы Әмір Сұлтанғожин Испания үкіметі өкілінің Жирондағы орынбасары Альберт Брамонмен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен Жирона провинциясы арасындағы диалогты одан әрі нығайту мәселелері қаралды.

Сол күні Жирона сауда палатасының вице-президенті Жауме Гуардиямен кездесу өтті. Бұл кездесуде Жирона провинциясы мен Қазақстанның іскер топтары арасында экономикалық байланыстар орнату перспективалары талқыланды. 2024 жылғы маусымда Жирона провинциясы кәсіпкерлерінің Қазақстанға сауда миссиясын дайындауға ерекше назар аударылды. Сұхбаттасушының айтуынша, Жиронадан ҚР-ға экспорт 2022 жылы 2,2 млн.еуроны құрады.

Анықтама: Жирона провинциясы (Каталония, Испания), ең алдымен, тамақ және ауыл шаруашылығы, машиналар мен жабдықтар өндірісі, химия өнеркәсібі, қызмет көрсету және туризм салаларындағы отбасылық шағын және орта кәсіпорындарға негізделген жоғары әртараптандырылған өнеркәсіпке ие.