Мадридте өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар талқыланды

Мадридте өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар талқыланды

Мадрид, 2023 ж. 29 қараша – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испаниядағы «MERCA2» атты ең ірі ақпараттық холдингтердің бірі ұйымдастырған дөңгелек үстел – сұхбатқа қатысты.

«Қазақстанның жолы: ауқымды реформалар» деп аталатын шараға саясаттанушы, экономист және «Moncloa» газетінің бас редакторы Альваро Медина модераторлық етті.

Сарапшының сұрақтарына жауап бере отырып, Елші қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етіп, сондай-ақ 2022 ж. қарашада өткен ҚР Президентінің сайлауынан кейін Мемлекет басшысы президенттігінің бірінші жылының негізгі қорытындыларына тоқталды.

Д.Мұсаев мемлекетіміздің дамуының жаңартылған саяси-әлеуметтік моделін кезең-кезеңімен іске асыруға мүмкіндік берген нақты шараларды атап өтті.

Қызу пікірталас барысында Қазақстан Елшісі қазіргі халықаралық трендтегі тақырыптарға қатысты Қазақстанның ұстанымын, елдегі тартымды инвестициялық ахуал бойынша, сондай-ақ еліміздің туристік әлеуеті мен бай мәдени мұрасы туралы сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара «MERCA2» тобына кіретін түрлі ақпараттық ресурстармен кеңінен жарықтандырылды.