
Мадрид, 2023 ж. 23 қараша – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Сенаты (Парламенттің жоғарғы палатасы) Төрағасының бірінші орынбасары Хавьер Маротомен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өзекті халықаралық мәселелерді және Қазақстан-Испания стратегиялық серіктестігіне сәйкес екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын талқылады.
Тараптар Испания мен Қазақстанның ішкі саясатындағы негізгі оқиғаларды, парламенттер жұмысының ерекшеліктерін талқылады, сондай-ақ парламентаралық дипломатияны, оның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу және Қазақстан-Испания парламентаралық достық тобы арқылы екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Елші сұхбаттасушыға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпаратты жеткізді.
Д.Мұсаев Х.Маротоға қазақтың ұлы ойшылының өлеңдері мен «қара сөздері» бар «Абай» кітабының испан тіліндегі нұсқасын сыйға тартты. Қазақстандық дипломат испан мәдениеті мен тілі елімізде өте танымал болып келе жатқанын атап өтіп, мұндай кітаптар испан жұртшылығының қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын оятады деген үмітін білдірді.