Испандық экспорттаушылар және инвесторлар клубымен Экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды

Испандық экспорттаушылар және инвесторлар клубымен Экономикалық ынтымақтастықтың жаңа  мүмкіндіктері талқыланды

Мадрид қ., 2023 ж. 23 қараша - Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев Испанияның экспорттаушылар және инвесторлар клубының президенті Антонио Бонет Мадургамен келіссөздер жүргізді.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Инвестицияларды ұлғайту және испандық компаниялардың технологияларын Қазақстанға тартудың маңыздылығы атап өтілді.

Елші еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму, іскерлік ахуал және шетелдік инвесторлар үшін преференциялар, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

А.Б. Мадурга ықтимал ынтымақтастық орнату мақсатында қазақстандық серіктестерді іздеуге қызығушылық танытты.

Сұхбаттасушылар клуб базасындағы бірлескен іс-шараларға қатысу арқылы институционалдық байланыстарды күшейтуге келісті.

Анықтама: Испанияның экспорттаушылар және инвесторлар клубы (Club de Exportadores e Inversores Españoles)) - халықаралық қызметті жүзеге асыратын испандық компаниялардың мүдделерін қорғауға бағытталған тәуелсіз коммерциялық емес бизнес қауымдастығы. Клубтың 100-ден астам ірі испандық серіктес компаниялары бар.