Қазақстан Испанияның аймақтарымен сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты белсенді дамытуда

Қазақстан Испанияның аймақтарымен сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты белсенді дамытуда

Барселона қ., 2023 ж. 15-16 қараша – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаевтың Каталония автономиялық қоғамдастығына жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында қазақстандық дипломат Барселона аналитикалық орталығының (CIDOB) президенті Антони Сегуромен, «Азия үйінің» («Casa Asia», Испания СІМ-нің ведомстволық бағынысты ұйымы) бас директорымен Хавьер Паррондо, Каталония автомобиль өнеркәсібі кластерінің (CIAC) президенті Серхио Алькараспен, «Applus Group» басқарушы директоры Хуан Амигомен, «Applus IDIADA» атқарушы директоры Хосеп-Мария Фарран және Барселона Сауда палатасының департамент директоры Берта Переспен келіссөздер жүргізді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты өңірмен нығайту Сауда палатасының (СП) басшылығымен кездесудің негізгі тақырыбына айналды. Елші Испания Қазақстанның ЕО-дағы негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық даму, іскерлік ахуал және біздің елдегі шетелдік инвесторларға арналған преференциялар, сондай-ақ Республиканың транзиттік әлеуеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Д.Мұсаев тараптар машина жасау, фармацевтика, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, автокомпоненттер өндірісі, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі, коммуналдық су шаруашылығын басқару, тау-кен қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, сондай-ақ туристік сектор салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін елеулі әлеуеті бар екенін атап өтті.

СП директоры Б.Перес қазақстандық нарық бүкіл Орталық Азия аймағындағы испан бизнесі үшін де мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Applus Group», «Applus IDIADA» және «CIAC» басшыларымен кездесу барысында испан тарабы көлік өнеркәсібі саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.

Өз кезегінде, Д.Мұсаев сұхбаттасушылардың назарын Қазақстанның экономикалық дамуындағы автомобиль өнеркәсібінің басымдығына аударды.

«CIDOB» президентімен келіссөздер барысында ҚР-дың ішкі және сыртқы саясатына арналған бірлескен іс-шара өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

«Азия үйінің» директорымен екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық сипаттағы және қоғамдық дипломатия саласындағы түрлі іс-шараларды ұйымдастыру жоспарларын белгіледі.

Өткен сапар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуда маңызды рөл атқаратын Қазақстан мен Каталония Автономиялық қоғамдастығының жан-жақты ынтымақтастығы келешегін айқындады.