Қазіргі геосаяси процестердегі Қазақстанның рөлі испандық сарапшылардың назарында

Қазіргі геосаяси процестердегі Қазақстанның рөлі испандық сарапшылардың назарында

Мадрид, 2023 ж. 13 қараша – Испанияның беделді университеті IE University-де «Өзгермелі әлемдегі Қазақстанның болашағы» атты шетелдік елшілер, саяси сарапшылар, БАҚ өкілдері және студенттер қатыстқан конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев, сондай-ақ Испанияның Қазақстан Республикасындағы бұрынғы Елшісі Франсиско Паскуаль де ла Парте қатысты. Іс-шараны IE университетінің профессоры, БҰҰ және ЕҚЫҰ түрлі миссияларына қатысушы Хосе Луис Эррера жүргізді.

Д.Мұсаев өз сөзінде Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы негізгі жетістіктерін, еліміздің халықаралық ұйымдар аясындағы табысты бастамаларын, сондай-ақ мемлекеттің түрлі салалардағы экономикалық әлеуетін атап өтті.

Қазақстандық дипломат Қазақстанның Испаниямен және жалпы Еуропалық Одақпен стратегиялық қарым-қатынасына жеке тоқталып, тараптардың өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылысын атап өтті.

Өз кезегінде резиденциясы Астанада Испанияның Қазақстандағы бірінші елшісі, Ф.Паскуаль де ла Парте «Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы табысының формуласы» халықтың ынтымағы мен бірлігінен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының басшылығының прагматикалық саясаты арқасынды жүзеге асырылды деді. Испания дипломатиялық қызметінің ардагері Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері сенімді түрде «тұрақтылық бесігіне», елдер, ұйымдар, сондай-ақ түрлі конфессиялар мен діндер үшін маңызды диалог алаңына айналғанын айтты.

Конференция соңында қатысушылар арасында қызу пікір алмасу болды.