Мадридте Республика күніне арналған салтанатты қабылдау өтті

Мадридте Республика күніне арналған салтанатты қабылдау өтті

Мадрид, 2023 ж. 8 қараша – Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан Республикасы күніне орай салтанатты қабылдау өткізді. Оған Парламент, Үкімет өкілдері, Сыртқы істер және басқа да министрліктер мен ведомстволардың басшылығы, шет мемлекеттердің елшілері, іскер топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қабылдаушы елде тұратын отандастар қатысты.

Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев өз сөзінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізін қалаған негізгі тарихи оқиғаларды атап өтті. Олардың арасында, 1990 жылы 25 қазанда қабылданған мемлекетіміздің егемендігі туралы Декларация Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси тәуелсіздігін айқындағанына ерекше мағына берілді.

Сондай-ақ Д.Мұсаев Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі нәтижелерін қорытындылап, қонақтарды биылғы жылы өткен жоғары деңгейдегі кездесулер мен іс-шаралар туралы хабардар етті.

Испаниядан құрметті қонақ ретінде Сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшы Шиана Мендес қатысты. Ол өз сөзінде Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктер мен дәйекті саяси реформаларды атап өтті

Корольдіктің жоғары өкілі Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы ретінде елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалады.

Мерекелік кеш қонақтары дәстүрлі қазақ және испан тағамдарының және қазақ шығармашылық топтарының музыкалық қойылымдарының сүйемелдеуімен жалғастырылды.

Қабылдау аясында қонақтарға белгілі қазақстандық суретші Толқын Сақбаева туындыларының көрсетілімі ұйымдастырылды.