
Барселона қ., 2023 ж. 5 қазанда - Барселона қаласындағы ҚР консулдығының басшысы Әмір Сұлтанғожин «Азия Үйінің» («Casa Asia», Испания СІМ-нің ведомстволық бағынысты ұйымы) бас директоры Хавьер Паррондомен келіссөздер жүргізді. Кездесуде Испанияда Қазақстанның өнері мен мәдениетін ілгерілетуге бағытталған ағымдағы және болашақ бірлескен жобалар талқыланды.