Мадрид қ., 2023 ж. 5 қазан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев «Опус Дей» католиктік шіркеуінің ресми ұйымының аймақтық викары Игнасио Баррерамен кездесті.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстандағы дінаралық толеранттылықты және төзімділікті нығайту саясатың үлгілі екеніне назар аудара отырып, аталған мәселені талқылады.
Д.Мұсаев сұхбаттасушыға халықаралық шиеленістерді шешу, жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұру, өшпенділік пен төзімсіздікті еңсеру жолдарын талқылайтын жалпыға танылған алаңға айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің жұмысы туралы айтып берді.
Елші қазақ халқы өз тарихында барлық ұлт пен наным-сенім өкілдеріне ыстық ықыласпен, құрметпен қарағанын айта келе, тату көршілік дәстүрі бүгінде еліміз басшылығының берік қалыптасқан саясатынан көрініс тауып отырғанын жеткізді.
Викар И.Барреро Қазақстанда тұратын католик шіркеуінің өкілдерімен қарым-қатынас жасау тәжірибесімен бөлісті. Діни қызметкердің айтуынша, «Опус Дей» ұйымының аз өкілдері де Қазақстан Республикасындағы дінаралық толеранттылықты жоғары бағалайды.
Әңгімелесуші үстіміздегі жылдың 11 қазанында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Астанада өтетеін 21-ші отырысының жұмысына сәттілік тіледі.
«Опус Дейдің» әртүрлі салалардағы кең институционалдық қатысуын ескере отырып, ұйым елдер арасындағы университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуға ниетін білдірді.
Анықтама: «Opus Dei» (латынша «Құдайдың жаратуы») — 1928 ж. Мадридте діни қызметкер Хосемариа Эскрива де Балагер негізін қалаған католиктік шіркеудің мекемесі. Содан бері оның қызметі әлемде христиандықтың киелілігін насихаттауға, ұйым мүшелерінің дін ілімдерін білім арқылы насихаттау үшін нығайтуға бағытталған.
1940-1950 жж. «Opus Dei» өзінің халықаралық кеңеюін бастады және өзін әмбебап миссиясы бар ұйым ретінде орналастырады.