Мадридте өткен саяси конференция барысында Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі талқыланды

Мадридте өткен саяси конференция барысында Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі талқыланды

Мадрид, 2023 ж. 29 қыркүйек – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Рамона Арес атындағы қордың жыл сайынғы конгресіне қатысты. Қазақстандық дипломат Еуразия, Кавказ елдері және Еуропалық Одаққа жаңа мемлекеттердің қосылуына арналған сессияда сөз сөйледі.

Өз сөзінде Елші Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, сарапшылардың назары мемлекетіміздің дамуының жаңартылған саяси-әлеуметтік моделін кезең-кезеңімен енгізуге мүмкіндік берген реформалардың төрт пакетіне аударылды.

Пікірталас барысында конгреске қатысушылар Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы қазіргі рөліне қызығушылық танытты.

Өз кезегінде Д.Мұсаев Қазақстан байырғы тарихқа, жақын мәдениет пен тату көршілік дәстүріне негізделген берік экономикалық байланыстар орнаған аймақ елдерінің тереңірек интеграциялануын жақтайтынын атап өтті. Сондай-ақ Елші «С5+1» форматындағы саммиттердің практикалық мақсаттары туралы хабардар етті.

Саяси және академиялық топтардың спикерлері де қатысқан бұл сессияға Қазақстан жалғыз шақырылған ел болды.

Анықтама: Рамон Аресес атындағы қор 1976 ж. Испанияның ірі сауда үйлері желісінің негізін қалаушы «El Corte Inglés» Рамон Аресес құрған жеке қор. Бүгінде қор басқа институттармен бірлесіп, білім, мәдениет және ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге бағытталған түрлі іс-шараларды өткізуде.