Қазақстанның Испаниядағы Елшісі қазақстандық студенттермен кездесу өткізді

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі қазақстандық студенттермен кездесу өткізді

Мадрид, 2023 ж. 29 қыркүйек – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев испан жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесу өткізді.

Д. Мұсаев өзінің құттықтау сөзінде отандастарын жаңа академиялық жылдың басталуымен құттықтады, сондай-ақ елдегі бейімделу барысы мен одан әрі мансаптық келешегі туралы сұрады. Сұхбат барысында қазақстандық дипломат жастардың елді жаңғырту үдерісіндегі ерекше рөлін атап өтті.

Өз кезегінде Елшілікке келген студенттер қазақстандық өкілдіктің басшысына жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, болашақта бірлескен бастамаларды іске асыру  туралы дипломаттардың ұсынысын қолдады.

Елші қонақтарға оқуда табыс тілеп, олардың ҚР сапалы кадрлық әлеуетін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.