
Мадрид, 2023 ж. 25 қыркүйек – Қазақстанның Елшісі Данат Мұсаев Испания «Халық партиясының» халықаралық істер жөніндегі хатшысы – Еуропалық Парламенттің депутаты Габриэль Матомен кездесті.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері мен халықаралық күн тәртібін талқылап, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Парламент арасындағы ынтымақтастық аясында пікір алмасты.
Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.
А.ж. 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жасалған халыққа Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі тезистері депутатқа жеткізілді.
Өз кезегінде Г.Мато Қазақстан Республикасынан әріптестерімен, атап айтқанда Еуропарламенттің Сыртқы істер комитетінің мүшесі ретінде тығыз ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.
Тараптар мемлекеттер арасындағы парламентаралық диалогты одан әрі нығайту мақсатында тұрақты байланыста болуға келісті.