
Мадрид қ., 2023 ж. 14 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Данат Мұсаевтың төрағалығымен саясат және экономика саласындағы көрнекті сарапшылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шараға Элькано Корольдік институтының бас сарапшысы
Мира Милошевич, IE университетінің профессоры Хосе Луис Эрреро және CEU Сан Пабло университетінің профессорлары Антонио Алонсо мен Хосе Луис Орея қатысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына баса назар аудара отырып, Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы қызу пікірталас болды.
Қазақстандық дипломат Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған негізгі экономикалық міндеттері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сарапшылар өз кезегінде Жолдаудың Қазақстан Республикасының Президенті бұрын жариялаған саяси бастамалармен айқын симбиозы бар екенін атап өтті.
Саяси трансформация тақырыбын дамыта отырып, испандық бақылаушылар «Қазақстан Республикасының саяси жаңғыруы қазақ халқының мүдделерін ескеретін прагматикалық қадамдардан тұрады», - деп атап өтті.
«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар іс-шараны жарықтандырған испандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.