Қазақ-еуропалық қатынастарының дамуы Испанияның ЕО-дағы төрағалығының назарында

Қазақ-еуропалық қатынастарының дамуы Испанияның ЕО-дағы төрағалығының назарында

Мадрид, 2023 жылғы 14 қыркүйек - Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев Еуропалық Одақ істері жөніндегі Бас хатшысы Мария Йедомен кездесті.

Тараптар Қазақстан-Испания екіжақты қатынастарының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ қазақстандық-еуропалық векторға баса назар аудара отырып, халықаралық күн тәртібін талқылады.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауының негізгі ойларын жеткізді.

Осы тұрғыда Д. Мұсаев «адалдық, инклюзивтік және прагматизм» қағидаттары негізінде құрылатын еліміздің жаңа экономикалық күн тәртібін жүзеге асыруға испандық және еуропалық бизнес өкілдерінің белсенді қатысуының маңыздығына назар аударды. Атап айтқанда, инфрақұрылымды инвестициялау, логистикалық желілерді дамыту, «жасыл» энергетика және цифрландыру сияқты басым бағыттар айтылды.

Саяси ынтымақтастық туралы айта келе, Д. Мұсаев Испанияның ЕО Кеңесіне төрағалық етуін ескере отырып, ҚР мен ЕО арасындағы өзара
іс-қимылдың одан әрі нығая түсетініне үміт білдірді.

М. Йедо Қазақстан-Испания қарым-қатынасының дәстүрлі достық сипатын атап өтіп, Қазақстанның еуро жолындағы бастамаларын қолдайтынына сендірді.

Анықтама: Еуропалық Одақ істері жөніндегі Бас хатшылық Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрлігінің атқарушы органы болып табылады. Бұл мекеме Еуропалық Одақ саласындағы Испанияның сыртқы саясатын әзірлеумен және құзыретті мемлекеттік ведомстволардың іс-әрекеттерін үйлестірумен айналысады. Корольдіктің тарихындағы ЕО-дағы бесінші төрағалығы кезінде Бас хатшылық төрт рет құрылды.