Ұлы Отан соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай

Ұлы Отан соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай

2020 жылғы 9 мамырда адамзат тарихындағы ең қатал және қанды соғыстың аяқталғанын айқындайтын Ұлы Отан соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы атап өтіледі.  Екінші Дүниежүзілік соғыс әлемдегі 70 миллионнан астам адамның өмірін қиды.  Кеңес Одағы адам өлімінің ең үлкен көлемін - 28 миллионнан астам адамды еңсерді, нацизмді жеңуде маңызды тарихи рөл атқарды.

Қазақстан басқа бауырлас халықтармен бірге фашизмді жеңуге өлшеусіз үлес қосты.  Майданда миллион екі жүз мың қазақстандық (республиканың әрбір төртінші тұрғыны немесе 18 жастан 50 жасқа дейінгі ерлер санының 70%) соғысқан.  Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полк пен батальон құрылды.

Қазақстандықтар майдан қақтығыстарында ерлікпен шайқасты, Ұлы Жеңіс үшін 600 мыңға жуық сарбаздар мен офицерлер өз өмірлерін қиды.  500-ден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды, 100-ден астамы Даңқ орденінің толық иегерлері болды, төртеуі екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олардың қатарында Т.Бегелдинов, Л.Беда, И.Павлов және С.Луганский.

Қазақстан майданды қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарды.  Республикада 460 зауыт, фабрикалар, шахталар және басқа да өндіріс орындары құрылды, мыстың 35% және қорғасынның 83% ерітілді.  Он оқтың тоғызы қазақ қорғасынынан жасалды.  Біздің еліміз оккупацияға ұшыраған аумақтардан 532 мыңнан астам адамды және 2,5 миллион мәжбүрлеп жер аударылған азаматтарды қабылдады.

Қазақстанда Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге үлкен қамқорлықпен қарайды.  Біз үшін олардың бәрі батырлар.  Біз майданда қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, ардагерлерді аса зор құрметпен бағалаймыз.  Жеңістің 75 жылдығына орай әр ардагерге бір миллион теңге (шамамен 2500 доллар) беріледі.  Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмайды.  Жақын арада Қазақстанада олардың жнңілдктерді жүйелестіретін және ұйымдастыратын «Ардагерлер туралы» заң қабылданады.

Соғыс әрбір қазақстандық отбасына әсер етті.  Жақында «MИР» халықаралық телерадиокомпаниясына берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күні, ең алдымен, біз үшін, кейінгі ұрпақтардың болашағы үшін жандарын қиған адамдарды  еске алу күні екенін атап өтті.