Испания Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды

Испания Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды

Мадрид, 2023 ж. 1 қыркүйек – Қазақстанның Елшісі Данат Мұсаев Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрлігінің Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа және Азия бойынша Бас директоры Хавьер Салидомен кездесті.

Тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, халықаралық күн тәртібін талқылады.

Испания тарапы ЕО Кеңесінде төрағалық ету кезеңінде
қазақстандық-испан векторын одан әрі нығайтуда елімізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамашылығымен іске асып жатқан саяси реформалардың барысы туралы хабардар етті.

Осы орайда а.ж. 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының негізгі ойлары жеткізілді.

Испан тарапы еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуды жоғары бағалауда. Ресми Мадрид Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін трансформациялауда, су дипломатиясы мәселелерінде көмек көрсетуге дайын екенін білдіріп, жаңа құзырлы министрліктердің құрылуын құптады.

Тараптар мемлекеттер арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында тұрақты байланыста болуға келісті.