Испанияның балық консервілерін өндірушілер қауымдастығымен кездесу

Испанияның балық консервілерін өндірушілер қауымдастығымен кездесу

Мадрид, 2023 ж. 20 шілде – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев Испанияның балық консервілерін өндірушілер қауымдастығының («ANFACO») Бас хатшысы Р.Алонсомен онлайн келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы балық шаруашылығы саласындағы жобаларды дамыту жөнінде пікір алмасты.

Испан тарапына әлеуметтік-экономикалық даму, іскерлік климат, шетелдік инвесторлар үшін преференциялар туралы ақпарат және Қазақстанның балық секторындағы жағдайы туралы шолу анықтамасы ұсынылды.

Р.Алонсо «ANFACО»-ға бүкіл Испания бойынша Қазақстандағы жобаларға қызығушылық танытатын 250 кәсіпорын кіретінін атап өтті.

Тараптар жақын арада кезекті келіссөздер жүргізуге келісті.