
Астана, Мадрид, 2023 жылғы 13 шілде – Қазақстан мен Испания арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында, сондай-ақ Испания ректорларының Қазақстанға сапарын дайындау шеңберінде ҚР Испаниядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің испан жоғары оқу орындарының өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті.
Іс-шараға 50-ден астам қазақстандық және испандық университеттер, Испандық білім беруді интернационалдандыру қызметінің басшылығы, Испания ректорларының конференциясы және Испанияның ҚР Елшілігі қатысты.
Іс-шара барысында ҚР-да испан университеттерінің өкілдіктерін ашу, ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту және ынтымақтастықтың басқа да салалары талқыланды.
Өз тарапынан испандық университеттер Қазақстанмен өзара іс-қимылды күшейтуге, байланыс алмасуға, біздің елімізде өзінің қатысуын кеңейтуге, студенттер мен оқытушылар алмасуды ұлғайтуға, «Болашақ» бағдарламасына қатысуға қызығушылық білдірді.