Испанияның бас кітапханасы қазақ әдебиетінің шығармаларымен толықтырылды

Испанияның бас кітапханасы қазақ әдебиетінің шығармаларымен толықтырылды

Мадрид, 2023 ж. 11 шілде – Екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Ұлттық кітапханасының директоры Ана Сантоспен және Ұлттық кітапхананың Мәдениет жөніндегі директоры Хавьер Ортегамен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар бірлескен мәдени іс-шараларды, оның ішінде көрмелер мен мастер-класстарды өткізудегі ынтымақтастық перспективаларын, баспа басылымдарын, сирек кездесетін құжаттарды цифрландыруда тәжірибе алмасуды, сондай-ақ мұрағат қызметін талқылады.

Қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау мақсатында кітапхана қорына Абайдың испан тіліне аударылған еңбектері берілді.

Анықтама: Испанияның Ұлттық кітапханасын 1712 жылы король Филипп V құрды. Кітапхана қорының 30 миллионнан астам данасы бар.