
Мадрид, 2023ж. 4 шілде – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испаниядағы жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының бірі «Periodista Digital» басылымына кең сұхбат берді.
Сұхбат алушы осы платформаның жетекшісі, белгілі журналист және саясаттанушы Альфонсо Рохо болды.
Әңгімеде қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларына егжей-тегжейлі тоқталды, бағдарлама жүргізушісімен екіжақты Қазақстан-Испания қарым-қатынастарын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібін талқылады.
Д.Мұсаев еліміздің туристік мүмкіндіктеріне тоқталып, халық арасындағы ұлтаралық және дінаралық төзімділіктің жоғары деңгейін атап өтті.
Испаниялық журналист қазақстандықтардың мәдени ерекшеліктеріне қатысты сұрақтар қойды. Қазіргі заманда күнделікті өмірдің түрлі салаларында көрініс тапқан халқымыздың терең дәстүрлері туралы хабардар еткен Елші испан тыңдармандарына қазақ музыка өнерінің інжу-маржандарының бірі – домбыраны ұсынды.
Елші 2018 жылдан бастап Қазақстанда әр бірінші жексенбіде «Домбыра күні» аталып өтетінін жеткізді. Бұл күні елімізде және одан тыс жерлерде қазақ халқы мәдениетінің осы маңызды элементімен түрлі шаралар өткізіледі.
Ақпарат ретінде Бүгінгі таңда «Periodista Digital» youtube-арнасында 600 мыңнан астам жазылушылар бар. Сол себептен аталған медиа испан тілді сегменттегі ең танымалдардың БАҚ-тардың бірі.
Сұхбаттың жазбасын келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=mJQXeXoF9F4