«Reformismo 21» қоры Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалады

«Reformismo 21» қоры Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалады

Мадрид, 2023 ж. 27 маусым – Қазақстанның Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Мұсаев «Reformismo 21» қорының директоры Марибель Аланьонмен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Испания арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды талқылап, ынтымақтастықтың дәстүрлі жоғары деңгейін атап өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстандағы ішкі саяси күн тәртібіне тоқталды. Елші елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

М.Аланьон Қазақстан басшылығының демократиялық қоғамды одан әрі дамытуға бағытталған саясатын құптады.

Сұхбаттасушылар а.ж. 23 шілдесінде өтетін жалпы сайлау қарсаңындағы Испаниядағы ішкі саяси жағдайды талқылады.

Д.Мұсаев Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының өзекті мәселелерін хабардар ету мақсатында Қордың беделді сарапшылық алаңдарымен тұрақты диалог орнатуға дайын екенін білдірді.

Анықтама ретінде: «Reformismo 21» қорын Испания «Халық партиясының» басшысы А.Фейхоо 2023 жылдың наурыз айында ұсынды. Форум сарапшылары Испанияның экономикалық, әлеуметтік және институционалдық салаларда қайта құру мәселелерін талқылайды. А.Фейхоо Қорды ешқандай идеологиялық көзқарассыз диалог алаңына айналдыруға шақырды. Сонымен қатар «Reformismo 21» Корольдіктің «Халық партиясының» «идеялар зертханасы» деп жиі аталады.

 

 

Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі