Қазақстан мен Испанияның назарында стратегиялық әріптестікті кеңейту

Қазақстан мен Испанияның назарында стратегиялық әріптестікті кеңейту

Астана, 2023 ж. 30 мамыр – Қазақстан астанасында экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания Үкіметаралық аралас комиссиясының (ҮАК) оныншы отырысы және Қазақстан-Испания Іскерлік кеңесінің (ІК) жетінші отырысы өтті.

Екі елден Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары ҚР сауда және интеграция Вице-министрі Қ.Төребаев пен Испанияның сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Ш.Мендес болып табылады.

Елордада бірінші рет емес өткізіліп отырған іс-шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтудің негізгі алаңы ретінде өзін дәлелдеді.

Отырыс барысында сыртқы сауда байланыстарын ұлғайту, оның ішінде екі елдің субъектілері арасындағы тікелей байланыстар үшін жағдай жасау, өзара инвестициялық жобаларға неғұрлым белсенді қатысу, тауарлар номенклатурасын кеңейту үшін елеулі әлеует атап өтілді.

Іскерлік кеңестің отырысына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Холдингінің Басқарма төрағасы - Іскерлік кеңестің тең төрағасы Қ.Шарлапаев, Испания сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Ш.Мендес, ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев, Испания сауда палатасының директоры Х.Монтальво, «Maxam» тау-кен компаниясының Бас коммерциялық директоры Іскерлік кеңестің тең төрағасы Х.Касас және квазимемлекеттік сектор мен бизнес-қоғамдастықтың басқа да көрнекті өкілдері, олардың ішінде 180-ден астам бизнес өкілдері бар.

Сарапшылар қолда бар қаржы құралдары мен өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Анықтама ретінде: Испания Қазақстанның ЕО елдері арасындағы негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. 2022 ж. қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 41,7% – ға ұлғайып, $2,6 млрд (экспорт – 2,322 млрд, импорт-269 млн) құрады. А.ж. қаңтар-наурыз айларында тауар айналымы $ 532,5 млн құрады.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2005 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстанға Испаниядан $ 300 млн. тікелей инвестиция тартылған.