Мадрид автономды университетімен ынтымақтастықтың кең ауқымы талқыланды

Мадрид автономды университетімен ынтымақтастықтың кең ауқымы талқыланды

ҚР Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев Мадрид автономиялық университетінің проректоры И.Мартинмен кездесті.

Тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, оның ішінде ұтқырлықты арттыру, оқытушылар құрамын тарту, ҚР-да испан жоғары оқу орнының өкілдігін ашу және қысқа мерзімді кәсіптік бағдарланған курстарды ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстандық тараптың бастамасын қолдай отырып, ЖОО басшылығы ынтымақтастықтың жоғарыда аталған барлық бағыттарын қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.