
Мадрид, 2023ж. 14 мамыр – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испаниядағы жетекші радиостанциялардың бірі – «COPE»-ға ауқымды сұхбат берді.
Әңгіме барысында қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларына егжей-тегжейлі тоқталып, радио жүргізушісімен екіжақты Қазақстан-Испания қарым-қатынастарын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібін талқылады.
Д.Мұсаев испандық іскер қауымды ү.ж. 30 мамырында Астанада өтетін экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының және
«Қазақстан-Испания» кезекті отырыстарына белсенді қатысуға шақырды.
Сұхбаттың толық аудиожазбасын осы сілтеме арқылы тыңдауға болады https://www.cope.es/emisoras/catalunya/cope-catalunya/duros-a-cuatre/noticias/asi-kazajistan-aliado-espana-asia-central-20230514_2707228
Ақпарат ретінде: «СОРЕ» радиосы — 3 миллионға жуық тыңдармандары бар Испаниядағы ең танымал екінші радио. Аталған БАҚ көрнекті журналистер, саяси, ғылыми, іскерлік және мәдени қоғамдастық өкілдері сөз сөйлейтін жедел және аналитикалық ақпараттың беделді көздерінің бірі.