Барселона автономиялық университеті Қазақстанмен академиялық байланыстарды дамытуға дайын

Барселона автономиялық университеті Қазақстанмен академиялық байланыстарды дамытуға дайын

ҚР Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев Барселона автономиялық университетінің (UAB) халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры М.Мартинеспен онлайн-кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар ЖОО-ның қазақстандық университеттермен өзара іс-қимылын күшейту қажеттігін атап өтті, ҚР білім беру хабын дамыту, шетелдік жоғары оқу орындарын тарту және т.б. мәселерді қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін, оның ішінде ұтқырлықты кеңейту, қос диплом алу, ҚР-да UAB өкілдігін ашу, сондай-ақ каталон университетінде қазақ тілі курстарын ұйымдастыру мәселелерін зерделеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.