
ҚР Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев Барселона университетінің проректоры Р.Рамоспен онлайн-кездесу өткізді.
Әңгімелесушілер ҚР-да испан жоғары оқу орнының өкілдігін ашу, қос диплом алу үшін бағдарламалар әзірлеу, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарына испан оқытушыларын тарту мүмкіндігін қарастырды.
Кездесу қорытындысы қазақстандық ұсынысты зерделегеннен кейін Барселона университетінің ректорымен кездесу ұйымдастыру уағдаластығы болды.