Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясы

Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясы

2023 ж. 26-27 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті-Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.Қ.Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясын өткізу жоспарлануда

Отырыс барысында ортақ мақсаты – Әділетті Қазақстанды құру тұрғысында ұлт бірлігі мәселелері қаралатын болады.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Парламенттің, дипломатиялық корпустың, саяси партиялардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, үкіметтік емес сектордың, діни бірлестіктердің өкілдері, БАҚ басшылары және т.б. қатысады.

 

Анықтама ретінде:

Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган, оның міндеті мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

Ассамблеяның жоғарғы органы жыл сайын ҚХА Төрағасы - ел Президентінің төрағалығымен өтетін сессия болып табылады.