Испанияның ең мықты жеке жоғары оқу орнымен ынтымақтастықтың кең ауқымы көзделген

Испанияның ең мықты жеке жоғары оқу орнымен ынтымақтастықтың кең ауқымы көзделген

2023 жылғы 19 сәуір – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев Еуропадағы беделді жеке жоғары оқу орындарының бірі «IE» Университетінің «вертикальдік» кампусына барды.

Сапар барысында студенттерді оқыту және озық технологияларды тарту бөлігінде ЖОО-ның инновациялық тәсілімен танысты.

Елші Д.Мұсаевты «IE» ректоры М.Муньис қабылдады. Онымен ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктерін, оның ішінде университеттің Қазақстандағы өкілдігін ашуды талқылады.