Испандық фармацевтикалық индустрия ҚР нарығына мүдделі

Испандық фармацевтикалық индустрия ҚР нарығына мүдделі

2023 ж. 19 сәуір – ҚР Испаниядағы Елшілігінің өкілдері Испанияның «Farmindustria» ірі фармацевтикалық қауымдастығының халықаралық департаментінің менеджері К.Арнеспен кездесу өткізді.

Тараптар ҚР мен Испаниядағы фармацевтика өнеркәсібі нарықтарының ағымдағы жай-күйін, сондай-ақ инвестициялар және тауар айналымын әртараптандыру саласындағы мүмкіндіктерді талқылады.

Өз кезегінде испандық тарап Қазақстандағы қолданыстағы инвестициялық жобаларға, сондай-ақ өңірдегі өткізу нарықтарын кеңейтуге қызығушылық білдірді.