Қазақстан мен Испания экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасты

Қазақстан мен Испания экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасты

Мадрид, 2023 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев Испанияның сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Ш.Мендеспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар а.ж. 30 мамырында Астанада өтетін Үкіметаралық комиссия мен «ҚР-Испания» Іскерлік кеңесінің алдағы отырыстарына дайындық барысын талқылады.

Сұхбаттасушылар өзара сауда мен инвестициялардың өсуін қанағаттанушылықпен атап өтті, сондай-ақ оларды басым секторларда әртараптандыру мүмкіндіктерін қарастырды. Келіссөздердің жеке тақырыбы баламалы логистикалық маршруттарды, оның ішінде Транскаспий көлік бағытын кеңейту және пайдалану мәселесі болды.