
Мадрид, 2023 ж. 13 сәуір – ҚР Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаевтың Каталония политехникалық университетінің Вице-ректоры Л.Рейчпен онлайн-кездесуі өтті. Оның барысында тараптар «Erasmus+» академиялық ұтқырлық және «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.
Әңгімелесу барысында Л.Рейч қазіргі уақытта Каталония политехникалық университетінде ҚР-дан 8 студент оқиды, 8 қазақстандық профессор оқытылады және 7 зерттеуші бірлескен ғылыми жобаларға қатысады деп атап өтті.
Кездесу нәтижесінде бірлескен жобаларды, оның ішінде Қазақстанда іске асыруды қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.