
Мадрид, 2023 ж. 11 сәуір – Комплутенс университетінде ҚР Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаевтың жоғары оқу орнының Вице-ректоры Д.Лопеспен кездесуі өтті.
Тараптар университетпен академиялық ұтқырлық саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге, бірлескен зерттеу жобаларын жүргізуге, қос диплом алуға және т.б. қатысты пікір алмасты.
Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдігінің өсуін ескере отырып, оның аумағында білім беру хабын құра отырып, испандық жоғары оқу орындары біздің елімізбен ынтымақтастыққа белсенді түрде қызығушылық танытуда.