Дүниежүзілік Туристік Ұйымның штаб-пәтерінде туризм мәселелері талқыланды

Дүниежүзілік Туристік Ұйымның штаб-пәтерінде туризм мәселелері талқыланды

Мадрид, 2023 жылғы 27 наурыз – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНВТО) Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанның ұйыммен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды, сондай-ақ өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және нақты жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Атап айтқанда, Қазақстандағы медициналық туризм саласындағы, сондай-ақ басқа да перспективалы бағыттардағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Өз тарапынан З.Пололикашвили Қазақстанмен қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, қазақстандық бастамаларға ықтимал жәрдем көрсетуге дайын екендігіне сендірді.

Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.