Испания қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа мүдделі

Испания қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа мүдделі

28 наурызда Мадридте ҚР-ның Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаевтың Испания университеттері министрлігі жанындағы Испанияның интернационалдандыру дербес қызметінің (SEPIE) директоры Альфонсо Хентильмен кездесуі өтті.

Тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, оның ішінде техникалық мамандықтарға, білім беру саласындағы шарттық-құқықтық базаны және қазақстандық студенттерге стипендия бөлуді кеңейтуге, сондай-ақ «Erasmus+» еуропалық академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде студенттер мен оқытушылар құрамымен алмасуға баса назар аудара отырып, ҚР-да испандық жоғары оқу орындарының өкілдіктерін ашу мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар испандық жоғары оқу орындары басшылығының ҚР-ға сапарын ұйымдастыруға келісті.