Испания СІМ-де консулдық мәселелер талқыланды

Испания СІМ-де консулдық мәселелер талқыланды

Мадрид, 2023 жылғы 16 наурыз – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Сыртқы істер, ЕО және ынтымақтастық министрлігінің шетелдегі испандықтар және консулдық мәселелер департаментінің бас директоры Шавьер Марти Мартимен кездесу өткізді.

Сұхбатышулар екі ел арасындағы Консулдық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Осы саладағы өзара іс-қимылдың дәстүрлі жоғары деңгейін атап өтіп, тараптар шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту және консулдық-құқықтық саладағы күш-жігерді үйлестіру перспективаларын талқылады.

Корольдіктің Еуропалық одаққа алдағы төрағалығы аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Елші Қазақстан мен ЕО арасындағы визалық режимді оңайлату туралы келісім жасасу бойынша келіссөздерді жедел бастаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің дипломаттары екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша консультацияларды жалғастыруға келісті.