
Мадрид, 2023 ж. 15 наурыз – Қазақстанның Елшісі Данат Мұсаев испандық БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Сұхбат барысында дипломатиялық миссияның басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Атап айтқанда, Елшісі 2022 ж. басталған билік институттарын жан-жақты қайта бастау процесі елдің саяси құрылымының жаңа және әділ үлгісін құруға, парламенттің рөлін күшейтуге және азаматтардың саяси өмірге қатысуын кеңейтуге бағытталғанын айтты.
Осы тұрғыда қазақстандық дипломат алдағы 19 наурыздың өтетін ҚР Парламенті Мәжілісіне өтетін сайлаудың маңыздылығы мен бұл сайлау Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртудың кезеңін білдіретіндігін атап өтті.
Елшінің айтуынша, жүргізілген реформалардың арқасында сайлау қарсаңында екі жаңа партия тіркелді. Ол сондай-ақ алдағы дауыс беруде барлық партияларға тең мүмкіндіктер берілетінін баса айтты.
Сайлау нәтижелері Қазақстандағы парламентаризм институтын нығайтып, қоғамның әртүрлі топтарының мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс.
Айта кететін жайт, Парламенттің төменгі палатасына сайлау алдында елде конституциялық референдум, президент сайлауы өтіп, Парламенттің жоғарғы палатасы – Сенаттың құрамы жаңартылды.
Осы оқиғалардың аясында Мәжіліске сайлау билік тармақтарын жаңарту мен түбегейлі өзгерістер үшін халықтың қолдауын алу үдерісінің заңды жалғасы болып табылады.