Испандық іскерлік қауымдастықтар Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Испандық іскерлік қауымдастықтар Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Мадрид, 2023 ж. 10 наурыз – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев Испанияның кәсіпкерлік ұйымдар конфедерациясының (CEOE) басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы тауар айналымын әртараптандырудың, өзара инвестицияларды ұлғайтудың және Қазақстанға испан технологияларын тартудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, сұхбаттасушылар Испанияның бизнес-қауымдастықтарымен үлкен қызығушылық тудыратын секторлардағы жұмысты күшейтуге ниет білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша а.ж. мамыр айында Астанада өтетін қазақстан-испан Іскерлік кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін жетекші испан компанияларын тарту уағдаластығына қол жеткізілді.