
Мадрид, 2023 ж. 7 наурыз – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев Испанияның индустрия, сауда және туризм министрлігінің Халықаралық сауда және инвестициялар жөніндегі бас директоры А.Вареламен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара қызығушылық танытты.
Осы тұрғыда тараптар екіжақты тауар айналымын кеңейту және әртараптандыру, өзара инвестицияларды ұлғайту және технологияларды тарту, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы жүктерді тасымалдау үшін Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалану жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша ү.ж. мамыр айында Астанада өтетін Үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңестің кезекті отырысы барысында жоғарыда аталған барлық мәселелерді талқылауға уағдаластыққа қол жеткізілді.