
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев Испания сауда палатасының Бас директоры И.Риерамен және Халықаралық мәселелер жөніндегі директоры Х.Монтальвомен кездесу өткізді.
Тараптар а.ж. көктемінде Астанада өтетін Қазақстан-Испания Іскерлік кеңесінің кезекті жетінші отырысына дайындық барысын талқылады.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалы бағыттары, сауда позицияларын әртараптандырудың маңыздылығы және экономиканың басым секторларына өзара инвестицияларды тартудың басымдығы айқындалды.